USD
USD
USD

Провизорлық госпиталь ашылды

Қостанай қаласындағы «Достық» сауықтыру кешені провизорлық госпиталь қызметіне кірісті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті. 

Провизорлық госпиталь ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қостанай облысында коронавирус инфекциясымен күрес және алдын алу шаралары жалғасуда. Соның бірі – провизорлық емхананың ашылуы. Бұл шешім өңірде прозиворлық төсек-орындардың жетіспеуіне байланысты қабылданды. «Қазір бұл стационарға 100 төсек-орын қойылып, оттегі және қажетті құрылғылар мен медициналық жабдықтар, дәрі-дәрмектер жеткізілді. Жалпы облыста 460 төсек-орынға сұраныс бар.

Жаңа госпиталь 11 шілде күні кешкі сағат 20.00-де алғашқы науқастарды қабылдады. Бұл провизорлық стационардың жұмысын облыстық аурухана реттеп отырады», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева. Жаңа ашылған стационар дәрігерлермен толық қамтылған. Бұл – Қостанай қаласындағы үшінші провизорлық стационар.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі