USD
USD
USD

Протасевичтің қайда екенін белгілі болды

Ryanair әуе компаниясының ұшағы Минск қаласына қонғаннан кейін ұсталған NEXTA Telegram каналының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич қазір аталған қаладағы № 1 тергеу изоляторында екен, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Протасевичтің қайда екенін белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Журналистің қайда екендігі оның туыстары мен адвокатына төрт күн бойы айтылмай келді. 27 мамырда Протасевичпен бірінші болып оның қорғаушысы Инесса Оленская кездесті. Оленская оның нақты қандай изоляторда екенін айтпады, бірақ оның халі жақсы екенін мәлім етті.

NEXTA-ның бұрынғы бас редакторы мен София Сапега 23 мамырда ұсталған еді. Олар Афинадан Вильнюске Ryanair ұшағымен жетпек болды. Бірақ бортта бомба бар деген хабарламадан кейін ұшақ шұғыл түрде Минск қаласына қонды. Протасевич пен жобаның басқа қатысушыларына экстремистік құрылымның негізін қалады және 2020 жылғы президенттік сайлаудан кейін жаппай тәртіпсіздікке шақырды деген айыптар тағылды. Осы күнге дейін оған адвокат жіберілмеген және туыстарымен сөйлесуге рұқсат етілмеген. Кейін ол кінәсін мойындағаны түсірілген видео желіге жүктелген болатын. Бірақ журналистің азапталғаны, нақтырақ айтқанда, оны тұншықтырғаны анықталды. Қауіпсіздік қызметкерлері Протасевичке көрсетілген зорлық-зомбылықтың ізін жасыру үшін, оның бетіне арнайы крем жаққаны жарияланды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси

Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды

Ерлан Қарин

Kaspi Gold енді Apple Pay-де

Kaspi

Атыраудағы Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты іс бойынша жаңа айыптар тағылды

Адам ұрлау