USD
USD
USD

Прокурорлар Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурорлар Перизат Қайратқа 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын, мүлкін тәркілеуді және 10 жылға қайырымдылықпен айналысу құқығынан айыруды сұрады.

Перизат Қайрат
Фото: t.me/negeaqsha

Астана, NEGE.  Мемлекеттік айыптаушы Арман Кезекеннің айтуынша, кінәсін жеңілдететін ешбір мән-жай анықталмаған. Керісінше, қылмыс Төтенше жағдай кезінде жасалғаны жазаны ауырлататын жағдай ретінде бағаланады.

Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаева үш эпизод бойынша алаяқтық жасады деп айыпталып отыр. Олар балаларға арналған реабилитациялық орталық салуға, Палестина тұрғындарына көмектесуге және Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға жәрдем беруге деп қаражат жинаған.

Айыптау тарабының мәліметінше, олар қайырымдылық желеуімен жиналған шамамен 3,5 миллиард теңгені иемденіп, кейін бұл қаражатты заңдастырып жіберген.

Өз кезегінде айыпталушылар кінәсін мойындаған жоқ. Перизат Қайрат бұл істі «тергеушілердің фантазиясы»деп атады.

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.