USD
USD
USD

Прокурор Жомарт Ертаевқа 11 жыл сұрады

Банктің 144 млрд теңгесін жымқырғаны үшін айып тағылған бұрынғы банкир Жомарт Ертаевқа прокурор 11 жыл сұрады.  Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Прокурор Жомарт Ертаевқа 11 жыл сұрады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Прокурор Ертаевты бірнеше бап бойынша айыптап, 11 жылға бас бостандығынан айыруға ұсыныс тастады. Ертаевтың өзі кінәсін мойындады. Келесі бір айыпты Игорь Мажинов шығынды біртіндеп өтеп, яғни, 37.2 млн теңге құйған болатын. Оған прокурор 8 жыл жыл сұрап және мүлкін тәркілеп, сондай-ақ коммерциялық және қаржылық қызметте жұмыс істеу құқынан айыруды талап етті. 

Ал Бақыт Ибрагим де кінәсін мойнына алып, 17,3 млрд шығынды өтесе, Марпа Жакубаева 100.2 млн теңге шығын құйды. Прокуров осы екеунің ішінде Мажиновқа басқа жаза тағайындауды сұрады. Бұл іс бойынша 37 адам айыпталса, пркурор оның 36-сын кінәлі етіп шығаруға шақырды.

Айта кету керек, банктен 6 жылда 144 млрл теңгені ұрлаған деп айып тағылған Жомар Ертаевты Мәскеуде ұстаған еді. Былтыр жыл соңында Ертаев мен басқа да жауаптылар сот алдында жауап берді. Сол кезде Ертаев бар кінәні мойнына алған болатын.  

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.