USD
USD
USD

Жанболат Мамайға прокурор 6 жарым жыл шартты жаза сұрады

Прокурор саясаткер Жанболат Мамайды 6 жыл 6 айға бостандығынан айырып, оны шартты жазаға ауыстыруды сұрады, деп хабарлады Жанболат Мамайдың әйелі, қоғам белсендісі Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жанболат Мамайға прокурор 6 жарым жыл шартты жаза сұрады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сонымен қатар, Жанболат Мамайдың саяси және журналистік қызметпен айналысуына тыйым салуды сұраған.

«Прокурор Жанболатты 6,6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сонымен бірге, Қылмыстық кодекстің 63 бабына сүйеніп, бұл жазаны шартты түрде деп санауға шақырды.

Бірақ, ең қиыны мынада: прокурор Жанболатқа қоғамдық-саяси іспен, журналистикамен, тіпті әлеуметтік желілерге шығуына 6 жылға тыйым салуға шақырды. Сонымен бірге, сол мерзімде ешқандай партия, қоғамдық ұйым құруға болмайтынын мәлімдеді», - деп жазды Инга Иманбай. 

Еске салайық, Мамайға билік өкілдеріне тіл тигізді, қасақана жалған ақпарат таратты және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айыптар тағылған. Саясаткердің өзі кінәсін мойындамай, тергеуде дәлелдердің жоқтығын алға тартады.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе