USD
USD
USD

Прокурор: Серік Күдебаевтың заңсыз бұйрығынан жоғалған 300-ге жуық қару табылмады

Жетісу облысының прокуроры Саян Дүйсебаев Серік Күдебаевтың заңсыз бұйрығынан жоғалған 300-ге жуық қарудың табылмағанын айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Прокурор: Серік Күдебаевтың заңсыз бұйрығынан жоғалған 300-ге жуық қару табылмады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Күдебаев 5-6 қаңтар күні Талдықорғандағы жағдайларға, тікелей міндеттеріне қарамастан, өзінің қараманғындағыларға полиция департаментінің ғимаратынан кетуге бұйрық берген. Өзі де Талдықорған қаласынан сырқа кетіп қалды. Салдарынан көптеген ғимарат қирады, өртенді. Қоғамдық тәртіп бұзылды», - деді Жетісу облысының прокуроры Саян Дүйсебаев.

Прокурор осының салдарынан стратегиялық нысаннан 500-ге жуық қару-жарақ ұрланып, оның 300-ге жуығы әлі табылмағанын мәлім етті.

Айта кетейік, кеше Серік Күдебаев билік пен лауазымдық өкілеттілігін пайдалану, азаптау баптары бойынша кінәлі деп табылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді. Сондай-ақ, Күдебаев 10 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Судья оны барлық мемлекеттік наградаларынан айыру жөнінде ұсыныс енгізді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе