USD
USD
USD

Прокурор Қайрат Боранбаевты сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Айыптаушы тарап Қайрат Боранбаевтың мүлкін тәркілеп қана қоймай, онымен бірге сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Прокурор Қайрат Боранбаевты сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қ.С.Боранбаев 28-баптың 5-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 218-бабының 3-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, өмір бойына қызмет атқару құқығынан айырумен сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. 28-баптың 5-бөлігі бойынша мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. 218-бап, 3-бөлігі бойынша мүлкі тәркіленіп, төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. 58 баптың 3-бөлігі бойынша неғұрлым жеңіл жазаны үлкенірек жазамен сіңіріп, ақырында Боранбаевты мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырумен сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», - деді Прокурор Айжан Аймағанова.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе