Прокурор Алматы әуежайының бұрынғы директорын 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Прокурор Алматы әуежайының бұрынғы директоры Айбол Бекмұхамбетовті 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Алматы, NEGE. «Алматы халықаралық әуежайының бұрынғы президенті Айбол Бекмұхамбетовке қатысты негізгі сот процесі аяқталды. Тергеу бес жылға жуық уақытқа созылды. Әуежайдың экс-президентімен бірге әуежайдың авиациялық жанар-жағармай қызметінің басшысы Қуаныш Тумышев те айыпталуда. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе ысырап ету) бойынша айып тағылып жатыр. Жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы әрбір сотталушыға 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі түзеу мекемесінде өтеуді және кепіл түріндегі бұлтартпау шарасының күшін жоюды сұрады», - делінген хабарламада.
Сот бұл іс бойынша 28 қарашада шешім шығаруы керек.