USD
USD
USD

Прокурор қоғам белсендісі Оразалы Ержановқа төрт жыл шартты жаза тағайындауды сұрады

22 мамырда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Elge Qaitaru қоғамдық қорының директоры Оразалы Ержановқа қатысты сот отырысы өтті. Мемлекеттік айыптаушы соттан оны төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесуді сұрады.

Қаржыгер
Фото: Видеодан кадр

Астана, NEGE. Оразалы Ержановқа Қылмыстық кодекстің 155-бабы 2-бөлігі 3-тармағы (Бейбіт жиналысты ұйымдастыруға, өткізуге немесе оған қатысуға кедергі жасау) бойынша айып тағылған.

Прокурор төрт жылдық шартты жазадан бөлек, қосымша жаза ретінде оны бес жылға қоғамдық-саяси және публицистикалық қызметпен айналысу құқығынан айыруды сұрады.

Оразалы Ержановтың адвокаты жарыссөз барысында қорғауындағы азаматтың әрекетінде ешқандай қылмыстық құқықбұзушылық құрамы жоқ екенін айтып, соттан ақтау үкімін шығаруды сұрады. Оның айтуынша, қылмыстық іс материалдарында оның кінәсін дәлелдейтін бірде-бір айғақ жоқ.

Еске салсақ, 26 ақпанда Оразалы Ержановтың қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады. Кейін Алматы қалалық полиция қызметі оның үстінен сайлау құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіру фактісі негізінде қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Полицейлер Ержановтың әлеуметтік желілерде шетелдік юрисдикцияда тіркелген байланыс нөмірлерін пайдалану арқылы шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттар, референдумды бойкоттауға шақыру және азаматтарды жаңылыстыруға бағытталған мәліметтер жарияланғанын анықтаған.

5 наурызда Оразалы Ержановтың 10 тәулікке тағайындалған қамау мерзімі аяқталған. Алайда сол күні сот оны қайтадан екі айға қамауға алу туралы шешім шығарған.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.