USD
USD
USD

Прокурор Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы өлтірген күні не болған мәлімдеді

Астанада қылмыстық істер бойынша сотта прокурор Салтанат Нүкенованының өліміне қатысты Қуандық Бишімбаевқа тағылған айыпты оқыды.

Бишімбаев
Фото: ғаламтордан

Астана, NEGE. «Нүкенова Бишімбаевтан кетуге бірнеше рет оқталған. Алайда Бишімбаев одан кешіріп сұрап, өзгеретінін айтып, ұрып-соқпауға уәде еткен. 2023 жылдың қазан айының соңында, нақты күні белгіленбеген, Астанада Бишімбаев тағы да жанжал шығарып, Нүкенованы тағы да ұрып-соғып, басы мен денесіне дене жарақатын салған», - деп мәлімдеді прокурор. 

2023 жылдың 9 қарашасында ерлі-зайыптылар концертке барған, бірақ жанжалдан кейін олар «Бау» мейрамханасына келіп, Қуандық Бишімбаев, тергеушілердің айтуынша, Салтанат Нүкенованы ұрып-соққан.

Прокурордың айтуынша, кісі өлімі болған күні Бишімбаев пен Нүкенова концертте болған.

«Концерт кезінде Бишімбаев болмашы себеппен жанжал шығарған. Концерттің аяқталуын күтпестен екеуі ғимараттан шығып, жанжалдасып, «Бао» мейрамханасына жаяу барған», - деді прокурор.

Жанжал мейрамханада да жалғасқан. Әйел Бишімбаевтан кеткісі келетінін айтып, ағасына хабарлама жазған. Ашуланған Бишімбаев мас күйде Нүкенованың басынан бірнеше рет қатты соққы жасаған. Қорқып кеткен әйел VIP залдың әжетханасына жасырынған, бұл жағдай Бишімбаевты одан ары ашуландырған. Ол есікті алдымен қолымен, кейін металл штативпен қаға бастаған.

Прокурордың айтуынша, есікті бұзып кірген Бишімбаев әйелін ұрып, қылқындырған, Нүкенова сол кезде есінен танып қалған. «Алайда біраз уақыттан кейін Нүкенова есін жиған. Мұны көрген Бишімбаев оның басына тағы ұра бастаған, ол ұруын Нүкенованың ес-түссіз жатқанына көзі жеткен соң тоқтатқан», - деді мемлекеттік айыптаушы. 

Қазір оқып жатыр

Сайлауалды науқанның бірінші аптасы қалай өтті: сарапшылар «Әділет» партиясының әлеуетіне қандай баға берді

«Әділет» партиясы

Еурокубок тек бедел емес: «Қайрат» пен «Тобылдың» жеңісі Қазақстанға не үшін қажет?

«Тобыл» футбол клубының баспасөз қызметі

Жамбыл облысында төрт теміржолшының қазасына кінәлілерге үкім шықты

сот үкімі

Қазақстанда МӘМС жарнасын төлеу қағидасы жаңартылды: не өзгерді?

МӘМС