USD
USD
USD

Прокуратура жұмыс орнында мас болып жүрген лагерь директорын анықтады

Прокуратура балалар лагерлеріндегі заң бұзушылықтар туралы хабарлады.

Прокуратура жұмыс орнында мас  болып жүрген лагерь директорын анықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облысында 22 балалар лагерінің 8-і өз қызметін уәкілетті органдардың рұқсатынсыз, санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы ережелерді бұзу арқылы жүзеге асырған. Әрбір екінші балалар мекемесінің ойын және спорт алаңдарында қауіпсіздік талаптары сақталмағаны анықталды. Ескі жатын-орындары күрделі жөндеуді қажет етеді.

Бұл ретте, 4 балаға арналған бөлмелерде іс жүзінде 8 немесе одан да көп адам орналастырылған. «Бәйтерек» (Қонаев қаласы) лагерінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарына қайшы, балалардың демалысы мен білім алуы дұрыс ұйымдастырылмаған. Қапшағай су қоймасында балалардың суға түсуі кезінде қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген.

Оның үстіне, аталмыш лагерь директоры жұмыс орнында мас күйінде болған.

Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК 440-бабы).

Тексеру қорытындылары бойынша балалар лагерлері әкімшілігінің кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру (ҚК 140-бабының 2-бөлігі) басталды.

Қазір оқып жатыр

Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға сотталды

Нұрсұлтан Жақсыген

ДСҰ-ға мүше болған 11 жыл ішінде Қазақстанның тауар айналымы екі есе өсті

ДСҰ және Қазақстан туы

Депутаттар Құрылтай жанынан 50 адамнан тұратын Қоғамдық палата құруға келісім берді

Құрылтай ғимараты

Air Astana қазанда Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын әуе рейсін қалпына келтіреді

Air Astana