USD
USD
USD

Прокуратура: Қазақстан темір жолы өзінің үстем жағдайын асыра пайдаланып келген

Көлік прокуратурасы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның үстем жағдайын теріс пайдалану фактісін анықтады.

Прокуратура: Қазақстан темір жолы өзінің үстем жағдайын асыра пайдаланып келген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «ҚТЖ жүктерді транзиттік тасымалдауға төлем коэффициентін 30% төмендететін арнайы тарифтік шарттарды қолданады. Тарифтерді қолданудың негізділігін зерттеу ҚТЖ компаниялар тобына кіретін ұйымдар үшін төмендеу коэффициенті осы сәттен бастап қолданылғанын көрсетті. Ал басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге қатысты мұндай жеңілдіктер жыл соңында көлік тасымалының кепілдендірілген көлемі орындалғаннан кейін ғана берілген», – деді прокуратура.

Көлік прокуратурасы жағдайдың теңсіздігі нәтижесінде ҚТЖ компаниялар тобына кіретін ұйымдар артықшылыққа ие болғанын айтты.

Прокуратураның наразылығымен аталған заңсыздықтар жойылып, транзиттік жүктерді тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізілді.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция