USD
USD
USD

Прокуратура ШҚО-дағы уақытша ұстау изоляторларында санитарлық талаптардың сақталмағанын анықтады

«Заң және Тәртіп» республикалық акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының прокуратура органдары заңның үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың, әсіресе қамауда отырған адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында кешенді шараларды жалғастыруда.

УҰИ
Фото: Kazpravda.kz/Талғат Аханов

Алматы, NEGE. Осыған байланысты Өскемен қаласының прокуратурасы уәкілетті органдардың мамандарын қатыстыра отырып, уақытша ұстау изоляторындағы (УҰИ) жағдайды жоспарлы түрде тексерді.

Жыл басынан бері қылмыстық қудалау органдарымен 138 адам ұсталып, оның 97-сіне қатысты сотпен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Тексеру кезінде санитарлық-тұрмыстық талаптар мен ұстау тәртібінің сақталуына байланысты бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.Қадағалау шараларының нәтижесінде жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасатын болады.

Қазір оқып жатыр

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс

Нью-Йорк подиумындағы тосын сәт: шапан киіп шыққан қазақстандық жұрт назарын аударды

Сән көрсетіліменде сахнаға шыққан блогер