USD
USD
USD

Прокуратура Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты істің не себепті жабылғанын түсіндірді

Алматы облысының прокуратурасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты тергеу неліктен тоқтағанын түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform.

Нұрғанат Ғайыпбаев
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Облыстық прокуратура жауабына сәйкес, Алматы облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы Н.Ғайыпбаевтың өлімі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-баптың 1-бөлігімен (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) тіркелген қылмыстық іс аясындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтаған.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Жиналған дәлелдер, сараптама қорытындылары және өзге де материалдар негізінде Н.Ғайыпбаевтың өлімі өзіне-өзі қол салу (суицид) салдарынан болғаны анықталды. Үшінші тұлғалардың ықпалымен өзіне-өзі қол салуға итермелеу фактілері анықталған жоқ. Сол себепті, тергеу органымен осы жылдың 17 маусымында сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚПК-нің талаптарына сәйкес тоқтатылды», – делінген прокуратура жауабында.

Еске салайық, былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы Шерзат Полат қаза болды. 2024 жылдың желтоқсан айында Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасы өлі табылды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар