USD
USD
USD

Профессор Кәкен Қамзинді алдап кеткен алаяқтар іздестіріліп жатыр —ІІМ

Ардагер журналист, әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ профессоры, ұстаз Кәкен Қамзинді алаяқтар алдап, жалғыз пәтерін сатқызып жіберген. Қазір істің мән-жайы тергеліп жатыр.

Кәкен Хамзин
Фото: Әдебиет порталы

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында журналистер осы жағдайға қатысты Ішкі істер министрлігі киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбайға сұрақ қойды.

Жандос Сүйінбай
Жандос Сүйінбай, Фото: ОКҚ

Департамент бастығы бұндай қылмыстардың қайдан, қалай жасалып жатқанын білетінін айтты. 

«Қылмыс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты, қазір істің мән-жайын айта алмаймын. Қылмыстық-процестің 201-бабына сәйкес іс тергеліп жатқан кезде, мән-жайды жариялауға болмайды. Бұл бойынша жедел іздестіру амалдары жүріп жатыр. Біз бұндай қылмыстардың қайдан, қалай жасалып жатқанын білеміз. Қазір қылмыскерлердің ақшаны қалай алғаны, шетелге қандай транзакциямен жөнелтілгеніне қатысты тексеру жүріп жатыр», – деді Жандос Сүйінбай.

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы профессордың үйін тергеушілер заң бойынша тергеу аяқталғанға дейін бұғаттайтынын атап өтті. Сонымен қатар, тергеу аяқталғаннан кейін үйді сатып алған тұлғалардың бұл іске қатысы бар-жоғы анықталып, құқықтық баға беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, профессор, ұстаз Кәкен Қамзинге алаяқтар Энергосбыт адамдары ретінде хабарласып, мекен-жайы, ЖСН, пәтері туралы ақпаратты біліп алған.

Артынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің атын жамылып хабарласып, біреулердің үйін тартып алайын деп тұрғанын айтып, тез үйін сатуға көндіріп, ал ақшаны Ұлттық банктің арнайы шотында сақтайсыз деп алдаған. Профессор нотариус арқылы үйін сатып, ақшаны алаяқтар жіберген курьерге беріп жіберген.

Қазір оқып жатыр

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр

Тұрғын үй

Кәрім Мәсімовтің экс-күйеу баласынан «Достық» станциясындағы терминал тәркіленді

Азамат Қапенов

15 сәуірден бастап мобильді аударымдарды тексеру басталады. Нені ескеру керек?

аударым

Уағызшы Дарын Мубаров жауапқа тартылды

Дарын Мубаров