USD
USD
USD

Пробация қызметі есепте тұрған азаматқа көмек көрсетті

Қызылорда облысында пробация қызметі есепте тұрған азаматтарға қолдау көрсетіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметі есепте тұрған азаматқа көмек көрсетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты, Арал аудандық пробация қызметі қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, пробация қызметі есебінде тұрғандарға қажетіне қарай көмек көрсетіп келеді. Соның бірден-бір дәлелі – есептегі Б. есімді тұрғынға көрсетілген құқықтық көмек. Ер адамға қайтарымсыз несие алуға пробация қызметі тарапынан жеке бағдарлама толтырылып, былтыр қарашаның 7-29 күндері аралығында “Бастау Бизнес” жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде оқу курсын аяқтаған болатын. Осы негізде, Б-ның шотына 530000 теңге түсті. Бірақ, бұл шот жеке сот орындаушымен бұғатталып қалғандықтан, Арал аудандық пробация қызметі жеке сот орындаушы қызметіне хабарласып, шотын ашу үшін құқықтық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта, Б есімді ер адамға мемлекет тарапынан қайтарымсыз гранд негізінде 530.000 теңге көлемінде сертификат табысталды. Осы қаржыға азамат шағын кәсіп ашпақшы, нақтырақ айтқанда, мал бағумен айналысуға ниет етті. Ол үшін жақын елді мекендерден шабындықтар сұрастырылып жатыр. Бұл мәселенің шешілуін қадағалауды қызметкерлер басты назарға алды.

Қазір оқып жатыр

Ұлытау облысында Olimpbet пен 1XBET-ке бәс тіккен 10 шенеунік қызметінен қуылды

Шенеунік

«Наурызды тойлауға болмайды»: Блогердің мәлімдемесінен кейін Бас прокуратура ескерту жасады

Қадағалаушы орган

Ресейде жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтар 10 тәулікке қамалды

төбелес

Усть-Лугадағы жаппай төбелес: қазақстандық жұмысшылармен болған жағдай реттелді

Төбелес