22 Желтоқсан 17:00
...

Пригожиннің өлімі: Ақорда The Wall Street Journal басылымының зерттеуіне қатысты пікір білдірді

Фото:

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли The Wall Street Journal басылымының зерттеуіне қатысты пікір білдірді. 

Астана, NEGE. The Wall Street Journal бұған дейін "Путиннің оң қолы Пригожиннің көзін қалай құртты" деген мақаланы жариялаған болатын. 

Онда Евгений Пригожиннің өлімін Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевтің ұйымдастырғаны жазылған. Мақалада Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевтің "Вагнер ЖӘК" көтерілісі кезінде "Евгений Пригожинді шегінуге көндіру үшін біраз жерге телефон соққаны" айтылады. Басылым Патрушевтің Беларусь пен Қазақстанға да қоңырау шалғанын, сонымен қатар әскер вагнерліктерді тоқтата алмаса Астанадан көмек келеді деп күткенін жазған. Жарияланған ақпаратқа сай, Тоқаев бас тартып, Лукашенко көмектесуге келіскен. 

Берік Уәли бұл ақпаратты жоққа шығарды.

“Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", – деді президенттің баспасөз хатшысы.

Тегтер: