Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президент Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

 Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.                                    

Президент Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
Фото: NEGE.kz

    Алматы, NEGE. Құрметті отандастар!    Халықаралық балаларды қорғау күні – ерекше қуаныш пен мейірімге толы шуақты мейрам.  Баланың күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ екенін осы мерекеде бәріміз айқын сезінеміз.   Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі.  Біз заманауи мектептер мен жайлы балабақшалар салып, инновациялық орталықтар, оқушылар сарайларын және спорт кешендерін ашып жатырмыз.

Үйірмелер мен секциялар да  ұйымдастырылған.   «Балалар жылы» аясында көптеген жаңа жобалар қолға алынды. Әрбір баланың талабын ұштап, дарынын ашуды көздейтін түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда.  Мемлекет жылдан жылға бұл бағыттағы жұмысты күшейте түседі. Өйткені, жас ұрпақтың мықты азамат болып өсуі  еліміздің тұрақты дамуына және баянды болашағына жол ашады.   Жас қазақстандықтарды және барша жұртты осы жарқын мерекемен құттықтаймын!  Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример