USD
USD
USD

Президенттің ізімен: Оқушылар Ақорданы аралап көрді

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай оқушыларға "Ақорда" резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Оған еліміздің барлық өңірінен 81 бала, соның ішінде су басқан аймақтардан келген оқушылар қатысты. Ақорданың кішкентай қонақтарының қатарында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған шара аясында балалар "Ақорда" резиденциясының орталық салтанатты холы мен ресми қабылдаулар және түрлі жиындар өткізуге арналған залдарын тамашалады. Резиденция аумағындағы бақты аралап көрді. Сондай-ақ балалар Қазақстан Президентінің жұмыс тәртібімен танысты, еліміздің бас ғимараты туралы қызықты деректерден хабардар болды.

Жасөспірімдерге Мемлекет басшысының атынан естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар екі күндік саяхат кезінде оқушылар Президенттік орталық, Ұлттық музей, "Нұр-Әлем" павильоны сияқты Астананың көрікті жерлерін аралайды.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы