29 Қаңтар 13:07
...

«Президенттің сөзі өте орынды» – Депутат Азат Перуашев Қазақстанды НЕГЕ «Штрафстан» деп атағанын түсіндіруге тырысты

Азат Перуашев
Фото: Мәжіліс

Қазақстанды «Штрафстан» деп атаған депутат Азат Перуашев Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін Мәжіліс кулуарында бұл терминді қолданғаны дұрыс болмағанын айтты.

Алматы, NEGE. «Мына терминді пайдаланғаным дұрыс емес болды. Ол - рас. Мойындап отырмын. Президентпен толықтай келісемін. Расында да, біз өз елімізді сыйлауымыз керек. Шетелдік инвесторларды, туристерді шақырған кезде оларды не үшін шақырып отырмыз? Елімізді мақтау үшін бе, жамандау үшін бе? Әрине, бұл жерде Президенттің сөзі өте орынды. Президентпен толығымен келісімен. Расымен, біз елімізді сыйлауымыз керек. Әсіресе, шетелдік инвесторлар мен туристерді елімізді мақтау үшін шақырамыз ба әлде даттау үшін бе? Біз парламентті сөз сөйлегенде ресми тілді қолдануға міндеттіміз. Әрі қарай сабақ болсын. Мен ол кезде жауапкершілікті заңбұзушылықтың ауыртпалығына сай болуы керек деп айтқанмын. Терминді пайдаланғаным дұрыс болмады, оны мойындап отырмын», – деді депутат.

Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанды мазақ қылатындарды сынаған болатын. 

«Кейбір азаматтар елімізді мазақ қылуға әуестеніп барады. Мысалы, өзге елдердің өкілдері жоқ жерден «керемет жетістіктерді, табыстарды» тауып алып, оны шетелге жан-жақты насихаттап жатады. Ал біздің азаматтар, олардың ішінде шоу-бизнес өкілдері, өзін өзі «қоғам белсендісі» санайтын жастар, тіпті, депутаттар да бар, Қазақстанға неше түрлі лақап ат қоятын болды. Бұл енді мүлдем түсініксіз, ақылға сыймайтын нәрсе», - деді Мемлекет басшысы.