USD
USD
USD

Президенттің «күйеубаласы» ұсталды

Ақпаратты мемлекет басшысының әкімшілігі растады.

Ұстау
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қырғызстанда президент Садыр Жапаровтың немере қарындасы Ләззат Нұрқожаеваның күйеу жігіті Афтандил Сабырбеков ұсталды.

Жапаров
Фото: ғаламтордан

Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов Facebook парақшасында Қырғызстан президентінің інісінің болашақ күйеубаласын құқық қорғау органдары ұстағанын растады.

«Президент Садыр Жапаровтың інісінің қызының болашақ күйеуін құқық қорғау органдары ұстағанын растаймыз. Еске сала кетсек, ер адам Ләззат Нұрқожоеваға тікұшақта үйлену туралы ұсыныс жасағаннан кейін танымал болды. Бірақ жас жігіттің басты мақсаты – оның заңсыз әрекеттерін қорғау үшін биліктегі адамдарды (крыша) табу деп айтуға толық негіз бар. Президент Садыр Жапаров кім болмасын, оның заңсыз әрекетін жасырмайтынын атап өткім келеді. Бұрынғы жігіті мен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттерінің мән-жайлары тергеу барысында анықталатын болады», – деп жазды Алагөзов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық

Қайрат Нұртастың концертіндегі қарбаласта бір қыз ауыр халде ауруханаға жеткізілді

Қайрат

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.