USD
USD
USD

Президенттің атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерінен қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келді.

Мемлекет басшысын: Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев; Сауд Арабиясының Королі, Қос киенің сақшысы Салман бен Әбделазиз Әл Сауд; Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі ханзада Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд; БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай билеушісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум; Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн; Кувейт Мемлекетінің Әмірі Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах; Кувейттің Тақ мұрагері Сабах Халид әл-Хамад Ас-Сабах; Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ; Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси; Марокко Королі VI Мұхаммед; Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа; Израиль Президенті Ицхак Герцог; Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха; ОПЕК бас хатшысы Хайсам әл-Гаис және басқалары құттықтады.

Қазақстан Президентінің атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің әкесі жаңа тау-кен холдингін құрды

Махмұд Қасымбек

Қырғызстандағы «Бішкек-Арена» стадионын салуға 386 млн доллар жұмсалған

стадион құны

Қызылордадағы шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

мұнай өңдеу зауытындағы өрт

Әл-Фарабидегі жол апаты: Алматыда полиция экс-басшысы жүргізушісінің соты басталды

сот тыңдауы