USD
USD
USD

Президенттің 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасы: 1,3 млрд-тан астам көшет отырғызылды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 2027 жылға дейін 2 млрд ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ағаш отырғызу
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бүгінгі таңда экология және табиғи ресурстар министрінің мәліметінше, мемлекеттік орман қоры аумағында 1,3 млрд көшет отырғызылды, оның ішінде Арал теңізінің құрғаған табанына 48,7 млн сексеуіл көшеті отырғызылды.

Сонымен қатар, елді мекендер аумағында 15 млн ағаш отырғызу бойынша тапсырма орындалды.

2024 жылдан бастап орман мелиорациялық жұмыстардың едәуір көлемі ірі компаниялардың қатысуымен бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылуда. Жерсінуі мен өміршеңдік деңгейі жоғары сапалы отырғызу материалымен қамтамасыз ету мақсатында орман тәлімбақтарын құру жұмыстары жүргізілуде.

Қазалы қаласындағы 33 гектар алаңда қуаттылығы жылына 3 млн көшет болатын орман тәлімбағының құрылысы аяқталды.

Биыл ауданы 15 гектар жаңа тәлімбақты жобалау бойынша жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ орман мелиорациялық жұмыстармен айналысатын қызметкерлер үшін өндірістік модульдерді жеткізу жүзеге асырылды.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова