Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

Алматы, NEGE. Қазақстанда Президенттік жастар кадр резервіне құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.
1 маусымнан бастап pkrezerv.gov.kz сайтында жастар резервіне қатысу үшін өтінім беру басталды. Бұл жоба — дарынды жас мамандарға арналған әлеуметтік лифт, яғни мансаптық өсуге мүмкіндік беретін әділ әрі ашық жүйе.
Өтінім қабылдау мерзімі:
- 1-30 маусым 2025 жыл
Резервке үміткер бола алатын азаматтар:
- Қазақстан азаматтары
- Жасы 35-тен аспағандар
- Жоғары білімі барлар
- Еңбек өтілі — кемі 5 жыл
- Мемлекеттік тілді B1 деңгейінен төмен емес меңгергендер.
Кандидаттар төмендегі 6 бағыттың бірін таңдай алады:
- Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам
- Инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда
- Экономика және қаржы
- Цифрландыру
- АӨК және экология
- Сыртқы саясат және инвестициялар
Әрбір салаға жеке квота белгіленген. Үміткерлердің салалар бойынша теңдей бөлінуі қамтамасыз етіледі.
Кандидаттар 6 кезеңнен өтеді:
- Құжаттарды қабылдау
- Мәтін және сандармен жұмыс істеу қабілетін бағалау
- Ситуациялық тапсырмаларды шешу
- Құзыреттерді бағалау
- Сарапшылар комиссиясымен әңгімелесу
- Ұлттық комиссияның соңғы шешімі.
Финалистердің тізімі 25 қазанда белгілі болады.
Бұл жоба алғаш 2019 жылы басталған. Содан бері резервке өткен жастар мемлекеттік басқару мен ұлттық компанияларда жетекші лауазымдарға тағайындалып келеді. Жоба жас кадрларды мемлекеттік басқару жүйесіне тартуға мүмкіндік береді.