USD
USD
USD

Президенттің туысы қамауға алынды

Тәжікстан президентінің әйелінің немере інісіне үлкен көлемде айыппұл салынады немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Президенттің туысы қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 36 жастағы Нахшов Амриддин Данғара ауылындағы кафеде болған жаппай төбелеске қатысты. Оқиға салдарынан 10-ға жуық адам зардап шекті, оның төртеуі пышақ жарақатын алған. Зардап шеккендердің арасында Ауғанстанның төрт азаматы бар.

Asia-Plus-тің хабарлауынша, Нахшов алдымен қашып кеткен, бірақ кейін өз еркімен кінәсін мойындаған.

Радио Озоди атап өткендей, Эмонали Рахмонның әйелінің немере інісі өз еркімен берілгенге дейін Данғарада емін-еркін жүрген, оны ұстауға ешкімнің дәті бармаған.

«Нахшов қозғалған қылмыстық іс аясында қамауға алынды, алдын ала тергеу жүргізілуде», - делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

Нахшов қамауға алынғанға дейін алтын өндіретін кәсіпорынды басқарған.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак

ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған

ҰБТ

CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?

.

Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты

Ерлан Қошанов