Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президенттің күйеубаласына қауіп төнді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің күйеубаласы Отабек Умаров екі аяғы сынып, Оңтүстік Кореяға жеткізілді. 4 наурызда Умаровқа операция жасалды. Ол арнайы медициналық ұшақпен жеткізілген, - деп хабарлайды «Озодлик»

Президенттің күйеубаласына қауіп төнді
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE.  Мемлекет басшысы мемлекеттік қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары Ташкент орталығында 13 ақпанда жол апатына түскен. 

Президенттің күйеубаласы мотоциклмен жоғары жылдамдықта келе жатып, оны басқара алмай, көлікті соғып, артынша бетон бордюрға соғылған. 

Умаров Ташкенттегі №16 қалалық ауруханаға жеткізілген. Медицина қызметкері басылымға "екі аяғы сынған пациентке алты сағат ішінде көмек көрсетілгенін" айтқан.  

Басылым мәліметінше, "Умаровтың оң аяғы үш жерден сынған, ал сол аяғының сүйегі уатылып кеткен". Умаровтың аяғына Илизаров аппараты қойылған.  

Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін Умаров Оңтүстік Кореяға жеткізілген. "Озодлик" мәліметінше, ол екі апта карантинде жатқан. 

Басылым мәліметінше, Өзбекстанның президент әкімшілігі, президенттің мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мен Сыртқы істер министрлігі жол апатына қатысты әлі пікір білдірмеген.  

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел