USD
USD
USD

Президенттің Қытайға сапары туралы фильм бүгін телеарналардан көрсетіледі

Қазақстан президенті Қ.Тоқаевтың Қытайға сапары туралы деректі фильм көрсетіледі. 

Президенттің Қытайға сапары туралы фильм бүгін телеарналардан көрсетіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 17-19 мамырда Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары туралы деректі фильм түсірілді.

Мемлекет басшысы Сиань қаласында Қытай басшысы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізіп, оның барысында стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды.

Қытайда Қазақстан Президенті «Орталық Азия-Қытай» саммитіне де қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапарының қорытындысын Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенінің «Алтын достық» атты жаңа деректі фильмінен көруге болады. Телетуынды бүгін телеарналардан көпшілік назарына ұсынылады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан құрамасы жеңілістен көз ашпаса да, ван ’т Схип өзін нашар бапкер санамайды

Джон ван'т Схип

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев