29 Қараша 14:14
...

Президенттің іс басқармасы Маминге Aurus мінгізбейтін болды

Фото:

19 қарашада порталымызда «Асқар Маминге брондалған Aurus не үшін қажет?» деген мақала жариялап, сұрақтың жауабын премьердің өзінен сұрағанбыз. Жауапты ҚР Президентінің іс басқармасынан алдық.

Абу-Дабиде Ресей мен Біріккен Араб Әмірліктері премиум-санатты брондалған Aurus лимузиндерінің шоурумын (таныстыру) ашып, Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров Aurus лимузиндерінің мақтауын әбден келтірген ол былай деген:

«Жақында Қазақстанның премьер-министрін біздің брондалған Aurus лимузинімен күтіп алды. Тіпті мен Қазақстанның тапсырыс бергені туралы да естідім. Нақты қанша және кім тапсырыс беретіні жайында түпкілікті ақпарат менде жоқ»

Біз осыған байланысты ҚР Премьер-министрі Асқар Маминге мынадай сауалдар қойдық: Қазақстан мен Ресей арасында брондалған Aurus лимузиндерін сатып алу туралы келісім болды ма? Егер келісім болса, қанша Aurus сатып алынады және оны кімдер мінеді? Қанша сомаға келісім жасалмақ? Сізге брондалған Aurus қажет пе?

Ресей президенті В.Путин брондалған Aurus мінеді.

Д.Медведев те қалыспайды...

Премьер-министрдің кеңсесіне жолданған ресми сауалға Қазақстан Республикасы Президенті іс басқарушысының орынбасары Қ.Б.Шөкеневтен жауап келді.

«Сізге Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметіне мүдделілік танытқаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Қазақстан Республикасының Үкіметін көлікпен қамтамасыз етуді «ҚР Президенті Іс Басқармасының Автошаруашылығы» РМК жүзеге асырады.

Сіз сұраған мәселе бойынша төмендегіні хабарлаймыз.

Қазақстан Үкіметі үшін Ресейлік өнім Aurus брондалған лимузинін сатып алу қарастырылмаған», – дейді Қ.Б.Шөкенев.

Брондалған Aurus Асқар Ұзақбайұлына қанша жерден ұнап тұрса да, оны міне алмайтын болды. Лимузин премьердің тақымына тар келгендіктен емес, бұған Мемлекет басшысы рұқсат етпейді... 

Тегтер: