USD
USD
USD

Президенттің елден ұрлаған байлығы қайтарылатын болды

АҚШ Нигерияға 300 миллион доллардан асатын активін қайтаруға келіс

Президенттің елден ұрлаған байлығы қайтарылатын болды
Фото: NEGE.kz

ім берді.

Алматы, NEGE. АҚШ Әділет департаментінің хабарлауынша, аталмыш мүлік Нигерияның бұрынғы әскери қолбасшысы Сани Абача мемлекеттен ұрлаған қазынаның бір бөлігі ғана. 2014 жылы Абачаның үстінен түскен шағымнан кейін кейін тәркіленген.

Абаха мен оның серіктестері Нигерия Үкіметінен миллиардтаған қаражатты иемденіп, оны кейін АҚШ қаржы институттары арқылы заңдастыру ниетімен Америка облигацияларын сатып алып отырған. Ақшаны қайтару шарасы АҚШ, Джерси және Нигерия мемлекеттері арасындағы келісімнің нәтижесі.

Қайтарылатын қаражат болашақта үш инфрақұрылымдық жобаны қолдауға жұмсалады деп жоспарланып отыр. Атап айтқанда, елдің оңтүстік-батысында жүргізілетін автомагистрал тасжолы, солтүстігінде жолдар мен Нигерияның орталық көпірін жаңалау жұмыстарына бөлінбек.

Нигерияның әділет департаменті Ұлыбритания мен Франциядан да табылған өз активтерін елге қайтару мақсатында тағы 174 миллион долларды қайтару үшін күш салып жатқанын айтуда.

Сани Абаха 1993 жылы әскери төңкеріспен билікке келіп, 1998 жылы қайтыс болғанға дейін елді басқарған.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Референдум

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

.

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Маңғыстау облысы

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

Референдум