USD
USD
USD

Президенттің денсаулығы нашарлағаны туралы жалған қауесет тарады

Мәскеудегі Түрікменстан елшілігі ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың денсаулығы нашарлағанына қатысты ақпарат сенімсіз және шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді.

Президенттің денсаулығы нашарлағаны туралы жалған қауесет тарады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін кейбір БАҚ Түрікменстан президенті Бердімұхамедов комада жатқанын хабарлаған.

«Бірқатар БАҚ-тың Түрікменстан президентінің денсаулығы нашарлады деген ақпараты... мүлде сенімсіз және шындыққа жанаспайды», – делінген Түрікменстан дипломатиялық миссиясының хабарламасында.

Дипломатиялық миссия кеше Бердімұхамедов Министрлер кабинетінің цифрлық жүйе бойынша кеңейтілген отырысын өткізгенін, онда «мемлекеттік өмірдің өзекті мәселелері талқыланып, бірқатар құжат жобасы қаралғанын» айтты.

Қазір оқып жатыр

Татьяна Ким Wildberries бас директоры қызметінен кетті

Вайлберрис

Словакияда адам ұрлады деген күдікпен төрт қазақстандық ұсталды

.

Суреттер үшін туған әпкесін өлтірді ме? Әзербайжанда 18 жастағы жігіт ұсталды

.

«Самұрық-Қазынаны» тарату жаңа проблемалар туғызуы мүмкін – Болат Жәмішев

Болат Жәмішев