Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли коронавирустан емделіп шықты

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли коронавирустан емделіп, ауруханадан шықты.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли коронавирустан емделіп шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Ауруханадан бүгін шықтым. Дәрігер қорытындысында менің жағдайым жақсарып келе жатқаны айтылады. Маған коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды. Денсаулығым ауыр деп бағаланды. Екі жақты пневмонияны тіркеді, бес күн бойы жансақтау бөлімінде жаттым", - деді Берік Уәли.

Оның айтуынша, енді ол үйде қатаң карантин режимінде болады. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы әлі де дәрігерлердің бақылауында болады, отбасы мүшелерімен тікелей байланысқа тыйым салынған.

Жалпы, осыдан кейін дәрігер мені әрі қарай хаттама мен келісілген тәртіпке сай қарап, тексеретін болады, - деді Берік Уәли.

Ауруханадан босап шыққан Берік Уәли алдындағыдай қашықтан жұмысын жалғастыра бермек.

- Мен ауруханада жұмыс істедім, сол секілді қашықтықтан жұмысымды жалғастыра беремін, - деді ол.

Сөз соңында Берік Уәли дәрігерлерге, мейірбикелер, сондай-ақ барлық медициналық қызметкерлерге өз алғысын білдірді.

- Кеше бізде медицина қызметкерлері күні болды. Олардың бәрін де қаһарман жандар дегім келеді. Олардың кейбіреулері бірнеше айдан бері отбасыларын көрмеген. Олар шынымен де мықты адамдар, - деп сөзін қорытындылады Берік мырза.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі қашан және қайда жарияланады?

Мемлекеттік білім гранты

Танымал қаржыгер Расул Рысмамбетов БЖЗҚ-да қызметке ие болды

Расул Рысмамбетов

Ақтауда балаларға тегін балмұздақ таратқан кәсіпкерге айыппұл салынды

Ақтау

Семейде стадион аумағынан табылған адам сүйегі 8 жыл бұрынғы құпияны ашуы мүмкін

Жоғалған адам