USD
USD
USD

Президенттің Астананы жайлы мекенге айналдыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр

Астана тұрғындары елорданың келбеті көрікті ғана емес, адамдардың өмір сүруіне өте қолайлы әрі жайлы болғанын қалайды. Елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте айтылған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаланы тұрғындары үшін жаңа тартымды мекенге айналдыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы ретте қалалық Урбанистика орталығы тиімді жобаларды жүзеге асырып келеді.

Президенттің Астананы жайлы мекенге айналдыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Астана тұрғындары елорданың келбеті көрікті ғана емес, адамдардың өмір сүруіне өте қолайлы әрі жайлы болғанын қалайды. Елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы тұрғындары үшін жаңа тартымды мекенге айналдыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы ретте қалалық Урбанистика орталығы тиімді жобаларды жүзеге асырып келеді.

Қазіргі кезде Есіл өзенінің жағалауы – қала тұрғындары көп жиналатын басты демалыс орны. Дәл осы жерде серуендейтін адамдар қатары өте көп.

– Есіл өзенінің жағалауы қаланың ескі және жаңа орталығын біріктіретін жер болғандықтан, біз оған іргелес барлық көшелерді біртұтас классикалық стильде қайта жөндеу керек деген шешім қабылдадық. Мәселен, Бейбітшілік көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолында жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұрын сол жағында ені 1,5 метр болатын тар тротуар және үлкен жол болатын. Біз жолды бір жолаққа дейін қысқарттық. Жаңа ағаштар отырғызылып, әрқайсысына суару жүйесі жүргізілді. Қала алаңынан жағалауға дейінгі жол енді теп-тегіс, тұрғындар дән риза, – деді Урбанистика орталығының жетекшісі Елнар Базыкен.

Болашақта елордада жаңа жаяу жүргіншілер көпірлері пайда болады. Урбанистика орталығында Ақбұлақ арнасында жаяу жүргіншілерге арналған бір шағын көпір, сондай-ақ Тұңғыш Президент саябағы мен «Қалалық романс» тұрғын үй кешені жанындағы Есіл өзенінің бойындағы саябақ арасындағы көпір салу жоспарлануда. Болашақ көпір екі үлкен саябақты біріктіретін болады.

– Біздің мақсатымыз – Есіл өзенінің бойындағы саябақ кластерлерін біріктіру. Біз өзен бойындағы барлық саябақтар, алаңдар мен қоғамдық кеңістіктер адамның қаңқасы сияқты бір-бірімен тығыз байланысқанын қалаймыз. Адамдар жаяу немесе велосипедпен ешқайда бұрылмай жүруі үшін жаңа жаяу көпірлер салу керек, – деді орталық жетекшісі.

Қалалық Урбанистика орталығы аудандық әкімдіктермен бірлесіп биыл Астанада 1 миллион ағаш отырғызуды, ал келесі жылдары оны жылына 1,2 миллион ағашқа дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Осылайша, үш жыл ішінде елордада 4 миллионға дейін жаңа ағаш пайда болады. Демек, Астана келешекте жасыл желегі жайқалған әсем қалаға айналмақ.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.