USD
USD
USD

Президенттікке үміткер Қарақат Әбден балалар мен жастар мәселесін көтерді

20 қарашасына тағайындалған кезектен тыс президент сайлауына орай бүгін кандидаттар арасында өткен телевизиялық пікірсайыс өз мәресіне жетті.

Президенттікке үміткер Қарақат Әбден балалар мен жастар мәселесін көтерді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Келесі кандидат Қарақат Әбден мектепте оқитын балаларды ыстық тамақпен қамту, оқушылардың бос уақытында таланты мен қабілетін жүзеге асыруға жағдай жасау, мектеп бағдарламасында ұлттық құндылықтар мен рухани даму бағыттарында тәлім беретін жаңа пән енгізу, орфанды аурулармен ауыратын балаларға бөлек грант беру, жастарды тегін орта және жоғары біліммен қамту, шәкіртақыны еңбекақы жүйесіне сай есептеп, төлеу мәселесін көтерді.

«Қариясы жоқ ел жетім. Ақ жаулықты әжелеріміз бен ақсақал аталарымыз көненің көзі ғана емес, ұрпақ үшін маңызды өмірлік тәжірибесін жинаған қазыналар. Оларды қолдау арымызға, елдігімізге сын», - деген кандидат ұрпақтардың алғысы ретінде ұсынылатын іс-шараларды атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері