USD
USD
USD

Президенттікке кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарына 10 миллион теңгеден алады

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина Қазақстан Президенттігіне кандидат әр адамға үгіт-насихат үшін 10 миллион теңгеден бөлінетінін мәлімдеді.

Президенттікке кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарына 10 миллион теңгеден алады
Фото: NEGE.kz

Аламты, NEGE. Кандидаттар БАҚ-та материалдарды жариялауы үшін, халық алдында сөз сөйлеу үшін аудиторияны жалға алуына байланысты шығыс көлемі қарастырылды.

"Кандидат шығындарының болжамды сметасын жасалды. Ол барлық бағаларға, бұқаралық ақпарат құралдарының ұсыныстарына сәйкес жүргізілген. Шамамен шығын 10 миллион теңгені құрайды. Кандидаттар теледидар, радио арқылы сөз сөйлейді, баспаларға материал жариялайды, аудитория мен көлікті жалға алады", - деді Сабила Мұстафина ОСК отырысында.

Мұстафина бұл жоспарлы шығындар екенін атап өтті. Ресми шешімі кейін жарияланады.

23 қыркүйекте ҚР Президенттігіне кандидаттарды ұсыну кезеңі басталды. Сайлау 20 қарашада өтеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев

Шымкентте 39 жастағы ер адам көршісін балалардың көзінше өлімші етіп сабап, оқиға орнынан кетіп қалған

ұрлық