USD
USD
USD

Президенттік жастар кадр резервінің 60 пайызы жұмысқа орналасты

Президенттік жастар кадр резервіне іріктелген мамандардың 60 пайызы еңбекпен қамтылды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев мәлім етті.

Президенттік жастар кадр резервінің 60 пайызы жұмысқа орналасты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Агенттік стратегиялық құжаттарды, Мемлекет басшысының тапсырмаларын, Президент жолдауларында қойылған негізгі міндеттерді жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыс істеп келеді. Өткен жылы агенттік мемлекеттік аппарат қызметін оңтайландыру, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, мемлекеттік қызметке неғұрлым бәсекеге қабілетті және дарынды жастарды тартуға бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. 2021 жылы агенттік президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өткізіп, қорытындысында резервке 50 адам қабылданды. Алғаш рет президенттік жастар кадр резерві 2019 жылы ұйымдастырылып, 300 маман іріктелген еді. Қазіргі уақытта 350 адамның 209-ы яғни 60 пайызы жұмысқа орналастырылды», - деді Дархан Жазықбаев агенттігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Сондай-ақ, агенттік төрағасы аталған бағыттағы жұмыстың жалғасатынын және алдағы уақытта өңірлердің белсенділігіне мән берілетінін айтты.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес кадрларды іріктек жүйесін жетілдіру және мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдету бойынша шара қолға алынды. Бізге кадрларды іріктеудің ашық әрі әділ жүйесін қалыптастыру қажет. Мемлекеттік қызмет саласын дамыта түсу үшін агенттік «Е-қызмет» жүйесін жаңғырту жұмысын жүргізіп жатыр», - дейді ол.

Айта кетейік, елордада онлайн форматта ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кеңейтілген алқа отырысы өтіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік