USD
USD
USD

Президенттік кадр резервіне жаңа іріктеу басталды

  Бүгін Президент жанындағы жастар кадр резервіне іріктеу басталады.

Президенттік кадр резервіне жаңа іріктеу басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекеттік сектор үшін 50 резервші іріктелмек, деп хабарлайды Хабар. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметінше, конкурсқа 35 жастан аспаған, жоғары білімі бар және еңбек өтілі кемінде бес жыл болған ел азаматтары қатыса алады. Іріктеу барысында үміткерлердің күрделі мәтін мен сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті, ситуациялық мәселелерді шешуі бағаланады.

Іріктеуге енгізіліп отырған жаңашылдықтардың бірі – үміткерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейі сарапқа салынады. Оны Qaztest немесе Qazaq Resmi Test сертификаттары арқылы растауы шарт. Резервте болу мерзімі 3 жылды құрайды. Құжаттарды қабылдау және әлеуетті резервшілерді іріктеу мамандандырылған онлайн платформада жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты