Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президенттік кадр резервіндегі жастар туризмді дамыту идеяларымен бөлісті

Президенттің Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев Президенттік кадр резервіндегі жастармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президенттік кадр резервіндегі жастар туризмді дамыту идеяларымен бөлісті
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. «Еліміздің белсенді азаматтарымен перспективалы идеяларды талқылап, оларды бірге іске асыру қажет деп санаймын.

Резервтегі жастардың мемлекет дамуы мен Президент Іс басқармасының жобаларына атсалысуға дайын екендігі қуантты. Бүгінгі таңда бізде пікірталас клубы жұмыс істейді, онымен қоса, ғылыми-техникалық кеңес құрылу үстінде. Осындай жастар Іс басқармасының жобалық жұмыстарына айтарлықтай үлес қоса алады, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыта алады», - деп жазды ол.

А.Дәдебаев резервтегі жастарды Президент Іс басқармасының жұмысымен таныстырып, оларды кәсіби ұжымға қосылуға шақырған. Бүгінде Президент Іс басқармасында аталмыш резервтің екі мүшесі жұмыс істейді.

«Кездесуде жастар тарапынан бірнеше құнды ұсыныс айтылды. Мысалы, ұлттық парктерде, оның ішінде Президент Іс басқармасының қарамағындағы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркінде туристік сервис стандарттарын енгізу туралы тың идеялар талқыланды», - деді Айбек Дәдебаев.

Қазір оқып жатыр

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел

Экономист Алматыдағы автотұрақтардың құнын 1 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды

ақылы тұрақ

ОСК: Аккредиттелген байқаушылар саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді

Нұрлан Әбдіров