USD
USD
USD

Президенттік кадр резерві: Құжат қабылдау басталды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы Президенттік жастар кадр резервіне 50 резервші іріктелетін болады.

Президенттік кадр резерві: Құжат қабылдау басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құжаттарды қабылдау биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап pkrezerv.gov.kz цифрлық платформада онлайн режимде басталған болатын. Құжаттарды қабылдаудың екі күні ішінде іріктеуге қатысуға 1251 өтінім келіп түсті. Құжаттарды қабылдау 30 қыкүйекке дейін жалғасады.

Президенттің 2021 жылғы 29 тамыздағы № 141 Жарлығымен белгіленген талаптарға сәйкес іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді ортадан төмен емес деңгейде білетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Резервте болу мерзімі 3 жыл. Резервшіні бос мемлекеттік лауазымға тағайындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі

Ақтауда автогаз құю бекеттеріндегі кезек азайды

Ақтау

Қазақстандағы ақылы жол тарифі шетелмен салыстырғанда 15–40 есе төмен

Ақылы жолдар

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

Абылай Мырзахметов