USD
USD
USD

Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Кездесу барысында Президентке Жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған жұмыстары жөнінде есеп берілді.

Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2022 жылы барлығы 5 триллион теңге көлеміндегі бюджет қаржысы бойынша 124 нысанда 20 аудиторлық тексеріс жүргізілген. Сонымен қатар Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоғары аудит органының осы жылға жоспарлаған аудиторлық және сараптамалық-талдау шаралары туралы мәлімет берді.

Атап айтқанда, жылу энергетика кешенінде, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология және табиғи ресурстар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінде және басқа да мекемелерде аудит жүргізу көзделіп отыр.

Президент Жоғары аудиторлық палатаны одан әрі трансформациялау және мемлекеттік аудит жүйесін дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп