USD
USD
USD

Президент жеке табыс салығының үдемелі өлшемін түсіндірді

Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапары барысында Үкіметке берген жеке табыс салығының үдемелі өлшемін енгізу туралы тапсырмасының мәнін түсіндірді.

Президент жеке табыс салығының үдемелі өлшемін түсіндірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан Президентінің пікірінше, бұл жаңалықтың мақсаты - әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету. Мұндай жүйе бірқатар мемлекетте қолданылады. «Қасым-Жомарт Тоқаев айына 250-300 мың теңге жалақы алатын азаматтар табыс салығын 7 пайыздық мөлшерлеме бойынша төлеуге тиіс деп санайды. Яғни, қазіргі 10 пайыздық мөлшерлемеден төмен болады. Ал, айына 300 мың теңгеден 1,5-2 миллион теңгеге дейін табыс табатындар үшін қазіргі 10 пайыздық мөлшерлеме сақталады» деп жазады Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.

Президент жылына 25 миллион теңгеден көп табыс табатын азаматтар үшін пайыздық мөлшерлеме көлемі артуы тиіс деген пікірде. «Мөлшерлеме көлемін Үкіметтің комиссиясы анықтайды. Бұл ретте Мемлекет басшысы жеке табыс салығының пайыздық мөлшерлемесінің жоғарғы шекті деңгейі 15 пайыздан аспауы керек деп есептейді» деп түйіндеді Берік Уәли. 

Қазір оқып жатыр

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот