Президент жәрдемдескеннің бәріне алғыс айтты
ҚР Президенті ұшақ апаты кезінде ауызбіршілік танытқан жұртқа алғыс айтып, халқымыз тағы да қиын сәтте жәрдем беруге әзір екенін көрсетті,
– деді.
Алматы, NEGE. «Қиын сәтте құтқарушыларға көмек қолын созған Алматы облысы Гүлдала ауылының тұрғындарына алғыс айтамын. Олар тамақ дайындап, ыстық шай таратты. Алматылық донорларға көп рақмет. Халқымыз тағы да қиын сәтте ауызбіршілігін, әрқашан жәрдем беруге әзір тұратындарын көрсетті» делінген Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.
Айта кетейік, кеше Алматыда 500 адам Bek Air ұшағы апатынан аман қалған адамдар үшін қан тапсырды. Сондай-ақ, Гүлдала ауылының тұрғындары ұшақ құлаған жерде жұмыс істеп жатқан құтқару қызметінің мамандарына ыстық тамақ беру шарасын ұйымдастырды.
Қазір оқып жатыр
Kaspi Gold енді Google Pay-да – Қазақстанда және шетелде төлем жасауға болады
Құрылтай жалпыұлттық деңгейдегі ашық диалог алаңы ретінде қызмет етуі тиіс – Президент
ҚХП-ның жаңа төрағасы: Дариға Назарбаевамен ешқандай туыстығым жоқ
Тоқаев: Үкімет инфляцияны төмендетіп, экономиканы жаңа үлгіге көшіруі керек