Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президент жанындағы Ұлттық кеңес құрамы кеңейді

Президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы кеңейді.

Президент жанындағы Ұлттық кеңес құрамы кеңейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин хабарлады. Оның айтуынша, қазір ҰҚСК-де 48 адам бар (44 болған).

"Ұлттық кеңестің құрамына Маңғыстау облысының қоғам қайраткері Уаис Ерсайынұлы, танымал саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов, кәсіпкер, Аltyn Kyran Халықаралық қайырымдылық қорының президенті Исламбек Салжанов кірді. Сонымен қатар, ротация аясында Ұлттық кеңес құрамынан Ауыт Мұқибек шығарылды", - деп жазды Қарин Telegram-арнасында.

Қазіргі уақытта алтыншы отырысқа дайындық аясында өңірлерде ҰҚСК мүшелерінің іс-шаралары өтіп жатыр. Отырыс бағдарламасы бойынша, ҰҚСК мүшелері қоғамдық кеңестер өкілдерімен, азаматтық белсенділермен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен жұмыс бойынша кездеседі. 

"Кездесу қорытындысы бойынша ұсыныстар жасалады, оларды Ұлттық кеңестің келесі отырысында қарау жоспарланып отыр", - деді Қарин.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен құрылған. Ұлттық кеңес қызметінің негізгі мақсаты жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауында Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар алғашқы болып дауыс берді

Құрылтай сайлауы

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.