USD
USD
USD

Президент Жамбыл облысының шенділерін қызметтен босатуға тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы жағдай үшін бірқатар лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тартуды тапсырды. 

Президент Жамбыл облысының шенділерін қызметтен босатуға тапсырма берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өткен аптаның соңынан бері Жамбыл облысындағы дүрбелең қызу талқыға түсіп жатыр. Қазақ-Дүнген арасындағы ұлтаралық қақтығыс республикалық шеңберден шығып, халықаралық сипат алды. Таралымы көп жаһандық БАҚ-та үн қосып, естігенін, білгенін жазды. Тіпті, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы оқиға шиеленісіп кетпеуі үшін тиісті мекемелерге арнайы тапсырма берді.

Осылайша, сенбі мен жексенбі «не болар екен» деген интригаға толы болды. Дүйсенбінің таңында жазалауды президенттің өзі бастап кетті. Жұмысын дұрыс атқара алмаған билік өкілдерін жауапкершілікке тартты. Бұл жолы ескерумен шектелген жоқ, жауапты тұлғалар жайлы һәм жылы орындарын босатты. 

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметовке Жамбыл облысы, Қордай ауданында кісі өліміне, тұрғын үйлердің қирап, азаматтардың дүние-мүліктерінің бүлінуіне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары С.Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Б.Байтөлені жұмыстарына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуды тапсырды».

Сонымен қатар, «Мемлекет басшысы ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы А.Оразалиевті және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Айқымбековті қызметінен алуды тапсырды», – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. 

Пышақтың екі жүзі барын ескерсек, ендігі жерде аталған оқиға өзге өңірдегі басшылар, жауапты тұлғаларға да сабақ болар. Басқасын қайдам, қордайлықтар биліктің негізгі миссиясы не екенін еске салып қойғандай. 

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

.

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

.

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

.

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

.