USD
USD
USD

Президент Жақып Асановты қабылдады

Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады. Қазақстан Президентіне сот жүйесін жаңғырту жұмыстары жөнінде мәлімет берілді. 

Президент Жақып Асановты қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жоғарғы сот төрағасы Мемлекет басшысына Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енгеннен кейінгі 4 ай ішіндегі нәтижелер туралы айтты. Оның айтуынша, жаңа кодекстің енгізілуі шенеуніктердің ойлау жүйесін өзгертуге және тәртібін күшейтуге бағытталған.

Сонымен қатар Жақып Асанов Президентке дау-жанжалдарды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа жобаларды ілгерілету, біркелкі сот тәжірибесін және қылмыстық процесте тараптардың шынайы жарысын қамтамасыз ету жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіліп жатқан реформалардың заң үстемдігін толық қамтамасыз етуі, азаматтардың құқықтарының қорғалу деңгейінің артуына септігін тигізуі және биліктің сот тармағына деген қоғамның сенімін күшейтуі қажет екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға Малайзияға кіруге рұқсат берілмеу жағдайы жиілеген: СІМ мән-жайды түсіндірді

Малайзия

Құрылтайды кім басқаратыны белгілі болды

.

Президент әр облыс пен ауданда ерекше балаларға арналған орталықтар салуды тапсырды

Ерекше балаларға арналған орталық

Тоқаев: Артқа шегінер жол жоқ

Тоқаев