USD
USD
USD

Президент Юрий Ильинді қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Төтенше жағдайлар министрлігінің 2020-2021 жылдары атқарған жұмыстарының нәтижелері баяндалды, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Юрий Ильинді қабылдады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Осы уақыт аралығында елімізде 9 мыңнан астам табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді. ТЖМ бөлімшелері 65 мыңнан астам шақыртуға барды. 9,5 мың адам құтқарылды, 10 мың адам эвакуацияланды, 3 мыңнан астам адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Юрий Ильиннің айтуынша, министрлік табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне көп көңіл бөліп келеді. Министрлік елді мекендерді, нысандарды және жекелеген тұрғындарды сел мен су тасқынынан алдын ала қорғау мақсатында Алматы қаласы мен Алматы облысының Аюсай, Ақсай және Қорғас өзендеріндегі тоспалар мен бөгеттердің құрылыстарын қаржыландырады.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы министрлікке төтенше жағдайлардың санын азайту, қысқы мерзімге дайындық жұмыстарын жүргізу, қар құрсауын болдырмау, сондай-ақ көктемгі су тасқынының алдын алу жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон