USD
USD
USD

Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Рахым Ошақбаевпен және Қанат Сахарияновпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев Президентке өзі басқарып отырған орталықтың жұмысы туралы айтты. Сондай-ақ, отандық аналитикалық орталықтарды дамыту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды. Бұдан бөлек Мемлекет басшысына жаһандық компаниялармен арадағы ынтымақтастықтың негізінде инвестиция тарту жолдарын, сондай-ақ, ақша-кредит саясатын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар таныстырылды.

Atameken Business телеарнасының бас директоры Қанат Сахарияновпен әңгімелесу барысында қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін нығайту, ақпараттық саясат саласын реттейтін заңнаманы дамыту мәселелері қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің отандық масс-медиаға қолдау көрсете беретініне тоқталып, контент сапасын арттыру және қазақтілді БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін күшейту қажеттігін айтты.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова