USD
USD
USD

Президент Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады

Мемлекет басшысына еліміздің биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын-ала нәтижелері туралы есеп берілді.

Президент Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ​Әлібек Қуантыровтың баяндамасында айтылғандай, 2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 5 пайыз көлемінде болады деген болжам жасалып отыр.

Бірінші жартыжылдықта шетелден тартылған тікелей инвестиция көлемі 13,3 миллиард долларға жетті. Жылдық инфляция 2 есе, яғни 10,8 пайызға дейін (ақпан айында 21,3 пайыз) төмендеді. Жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 36,4 пайызға жетті. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Шағын және орта бизнес өндірген өнім көлемі 28 триллион теңгеден асты. Бұл салада 4,3 миллион адам жұмыспен қамтылған. Биыл 9 мың жобаға субсидия берілді. Несиенің жалпы көлемі – 669 миллиард теңге.

Бизнесті тексеру ісін 2 есе азайту үшін кәсіпкерлік саласына жаңа реттеу саясаты енгізіледі. Міндетті талаптар реестрі жасалып, сын-қатерлерді басқару жүйесі автоматтандырылады. Жаңа Бюджет және Салық кодекстерінің әзірлену барысы, сондай-ақ инвестициялық саясат, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту шаралары туралы айтылды.

Биыл 267 миллиард теңге инвестиция тарту, 5,8 мың шақырым желіні жөндеу, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің жалақысын 50 пайызға көтеру, желілердің тозу деңгейін 3,2 пайызға азайту жоспарланған. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы іске қосылғалы бері республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 7 есе артты. Биыл 771 ауылда 1,8 мың жобаны орындау жоспарланып отыр.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев сапалы және орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, сондай-ақ реформаларды тиімді жүргізу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

.

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Ердоған, Тоқаев

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

ауа сапасы

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

.