Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президент Ұлттық банкке теңгенің бағамына қатысты тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкке валюта айырбасы туралы ашық мәлімет беріп тұруды тапсырды.

Президент Ұлттық банкке теңгенің бағамына қатысты тапсырма берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Келесі маңызды мәселе – ұлттық валютамыздың бағамының тұрақсыздығы, құбылмалылығы. Бұл жағдай азаматтарымызды, кәсіпкерлерімізді алаңдатады. Менің тапсырмаммен Ұлттық банк осы мәселені бақылауында ұстайтын болады және оның тетіктерін де әзірледі. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық банк ай сайын, тоқсан сайын валюта айырбастау бағамы туралы мәліметтерді беріп тұрады. Сонымен бірге валюта айырбасы бағамының көрсеткіштері жарияланады, ақша-несие саясаты жөніндегі стратегия қабылданады», деді Тоқаев.

Бұдан бөлек президент үкімет пен ұлттық банкке алғаш рет тұрғын үй және автокөлік алуда қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды негізуге қажет заңнамалық түзетулерді әзірлеуді тапсырды.

«Келесі қадам ретінде ірі ақша аударымдарын қолма-қол төлемсіз форматқа көшіруді қолға алу керек. Қазір банк технологияларының дамуына байланысты заңға бағынатын азаматтар мен бизнеске ақша аз көлемде ғана қажет. Ал осы аралықта тұрғын үй мен автокөлік нарығындағы көлеңкелі экономиканың үлесі 3 триллион теңгенің шамасында. Тәртіп орнату қажет», – деді Қ.Тоқаев.

 

Президент заңнамалық түзетулерді әзірлеу кезінде аймақтық даму ерекшеліктерін, әсіресе, ауылдық жерлердің жағдайын ескеру қажеттігін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф