USD
USD
USD

Президент үкіметті сынға алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вакцина жағдайы байланысты үкіметті сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Президент үкіметті сынға алды
Фото: NEGE.kz

"Үкімет "Спутник V" және отандық вакцина өндірісі туралы келісім елдің вакцинацияға деген мұқтажын толықтай өтейді деп сендірді. Осы ақпарат негізінде мен 1 ақпаннан бастап жаппай вакцинация жарияладым. Екі айдан кейін халықтың 0,2 пайызынан азы вакцина салдырды! Енді мен басқа мемлекеттердің басшыларымен тағы қосымша вакцина жеткізу туралы келіссөз жүргізуім керек... Біз тез жеткізу үшін тиімсіз коммерциялық және қаржылық жағдайларға келісуге мәжбүрміз", - деді Тоқаев коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөнінде кеңесте.

Шара барысында COVID-19-ға байланысты елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шаралар кешені, сондай-ақ азаматтарды вакцинациялау мәселесі қаралып жатыр.

Бұған дейін Президент Қазақстанда коронавирус індеті қайта өршіп бара жатқанын айтқан болатын. 

Қазір оқып жатыр

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент