USD
USD
USD

Президент туды қорлаған әншілерге қатысты пікір білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздер туралы ойын айтты.

Президент туды қорлаған әншілерге қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Біз ғылымның ұлттық экономикаға қосатын үлесін көбейтуіміз керек. Сонымен бірге, әлемдік ғылыми кеңістікпен ықпалдастықты күшейткен жөн. Ғалымдар еліміздің рухани дамуына да баса мән бергені дұрыс.

Жастардың отаншылдық рухын күшейту керек. Қазір әлеуметтік желіде мемлекеттік туды қадірлеу туралы көптеген ой-пікірлер айтылуда. Өкінішке қарай, қасиетті көк туымызға байланысты орын алған жағымсыз жағдайлар азаймай тұр. Сондықтан, байрағымызды пайдалану тәртібін қайта қарау керек деп ойлаймын. Қажет болса, тиісті заңдарға өзгертулер енгізуге болады. Өйткені, көк туымыз - қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы.

"Туған жерге туыңды тік" деп халқымыз бекер айтпаған. Біз - туын әрқашан биік ұстаған елміз. Осы ретте, Қаныш Сәтбаевтың бір ойы өзекті болып отырған сияқты: "Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес", - деді Президент.  

Тоқаев мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеу - әр азаматтың перзенттік парызы екенін атап өтті.

"Осыны өскелең ұрпақтың санасына сіңіретін ең әуелі - сіздер, яғни зиялы қауым", - деп атап өтті Президент. 

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі